Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы - 1954 ж. 4 қаңтарда дүниеге келген. 1981 ж. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. 1996 ж. Оңтүстік Қазақстан облысының сот төрағасы, 1999 ж. Жамбыл облыстық сотының төрағасы, 2001 ж. Алматы қалалық сотының төрағасы, 2006 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2009 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, 2011 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Судьясы, 2012 ж. Минск қаласындағы ЕурАзЭҚ Халықаралық сотының Төраға орынбасары және Төрағасы, 2014 ж. Қарағанды облыстық сотының төрағасы, 2021 ж. бастап әл-Фараби атындағы КазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры болып табылады. Әлімбеков М.Т. - «Парасат» Орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Үш би» белгісімен және басқада медальдармен марапатталған. Әлімбеков М.Т. 70-тен астам ғылыми мақалалар мен кітаптарының авторы. "Сот заң шығармашылығы және азаматтық-құқықтық нормаларды құқық іске асыру тетігінде қолдану" монография (2010), «Применение гражданско-правовых норм судом в современный период» (2009), «О судебной экспертизе», «Комментарии в гражданское законодательство» выпуск 47 (2016), «Споры о праве интеллектуальной собственности» (2010), «Судебная защита прав интеллектуальной собственности в Республике Казахстан: последние тенденции и преспективы» (2011), «Евразийская интеграция в системе мировой глобализации: актуальные политико-правовые аспекты» (2015). Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының түрлі заң журналдарында 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1981

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
29.06.2005
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0